Об установлении размера платы за пользование жильем из государственного коммунального жилищного фонда в городе Аксу и его сельской зоне на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға арналған Ақсу қаласында және оның ауылдық аймағында мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан түрғын үйді пайдалануға төлем мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұргын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес, Павлодар облысы әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі "Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын пайдалану тиімділігінің мәселелері туралы" № 108/5 қаулысын басшылыққа алып, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды үйлестіру және реттеу мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес, 2007 жылға арналған түрғын үй алаңның 1 шаршы метрі үшін Ақсу қаласында жэне оның ауылдық аймағында мемлекеттік коммуналдық түрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қала әкімдігінің осы қаулысы ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Г.М. Стрельбаға және Ә.Ә. Әбеновке жүктелсін.
Басқа 4. Мемлекеттік коммуналдық түрғын үй қорынан түрғын үйді пайдалануға төлем мөлшері
"2007 жылға арналған Ақсу
қаласында және оның ауылдық
аймағында мемлекеттік коммуналдық
түрғын үй қорынан түрғын үйді
пайдалануға төлем мөлшерін белгілеу
туралы " Ақсу қаласы әкімдігінің 2007
жылғы 8 қазан № 854/7 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік коммуналдық түрғын үй қорынан түрғын үйді пайдалануға төлем мөлшері
№ р/с
Елді мекеннің атауы
Жалпы алаңнан 1 ш.м. үшін жал төлемі ставкасының мөлшері, жылына тенгемен
2002 жылға дейін
2002 жылдан кейін
1
Ақсу қаласы, Ақсу кенті
389
467
2
ауылдар және ауылдық елді мекендер
72
87