Об утверждении Инструкции по возмещению затрат за приобретение и установку индивидуальных приборов учета коммунальных услуг получателям жилищной помощи города Усть-Каменогорска в 2007 году Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдедегі № 35/5 "2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 28/2 "2007 жылға Өскемен қаласының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімін (мемлекеттік тіркелу нөмірі 5-1-65) ескере отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындары толтырылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған шығын орындарын толтыру бойынша Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ю.А. Кудиновқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қолданысқа алғашқы ресми жарияланған күннен бастап енгізіледі.
Басқа 5. Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру бойынша
Қала әкімдігінің 14 қыркүйектегі 2007 жылғы № 2649 қаулысымен бекітілген Өскемен қаласының тұрғын үй көмегін алушыларына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру бойынша Нұсқаулық Осы Нұсқаулық аз қамтылған азаматтарға коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуға біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында қабылданды.
Тармақ 1
1. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Өкілетті орган) - аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыратын және коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуды қажет ететін адамдардың тізімін құрастыратын жауапты өкілетті орган.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға біржолғы көмек, Өкілетті орган анықтаған адамдардың тізіміне сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдары суық және/немесе ыстық сумен қамтуға орнатылады.
Тармақ 4
4. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орнын толтыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек" 451.007.000 бюджеттік бағдарламасы бойынша Өкілетті органмен жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алу және орнатуға кеткен шығындардың орнын толтыру, сатып алынған есептеу құралының құнына және оларды орнату бойынша жұмыс құнына 10 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тең сомада азаматтардың "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы жеке шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алу және орнатуға жұмсалған шығын орнын толтыруға ниет білдірген тұлға Өкілетті органға келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Тармақша 1
1) коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алу және орнату шығындарын толтыруға өтініш;
Тармақша 2
2) жеке куәлік;
Тармақша 3
3) азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақша 4
4) суық және/немесе ыстық суға есептеу құралдарын сатып алу және орнатуға төлегені туралы түбіртек;
Тармақша 5
5) суық және/немесе ыстық суға орнатылған жеке есептеу құралдарының есепке алынғаны туралы акт.
Тармақша 6
6) "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы жеке шот.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін алушыларға коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуды ұйымдастыру және бақылау Өкілетті орган арқылы жүзеге асырады. Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы