О распределении квоты иммиграции оралманов на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
Оралмандардың 2007 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қарашадағы N 435 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес оралмандардың 2007 жылға арналған көшіп келу квотасы облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша бөлінсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Оралмандардың 2007 жылға арналған көшіп келу квотасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7«желтоқсандағы
N 1198 қаулысына
қосымша
Оралмандардың 2007 жылға арналған көшіп келу квотасы
Облыстар мен қала-
лардың атауы
Отбасы саны
Ақмола
1020
Ақтөбе
880
Алматы
1260
Атырау
450
Шығыс Қазақстан
1095
Жамбыл
980
Батыс Қазақстан
485
Қарағанды
1005
Қызылорда
500
Қостанай
875
Маңғыстау
1998
Павлодар
950
Солтүстік Қазақстан
500
Оңтүстік Қазақстан
2765
Астана қаласы
127
Алматы қаласы
110
ЖИЫНЫ:
15000