«Об организации и обеспечения проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в октябре-декабре 2007 года мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву» Күшін жойған
Басқа 0
«Мерзімін ұзартуға құқы жоқ, сол сияқты оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және мерзімінде шақыру бойынша әскери міндетін өтемеген он сегіз бен жиырма жеті аралығындағы ер жынысты азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы»
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери қызмет және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарын басшылықка алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы №1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауыл және ауылдық округ әкімдері шақырылушылардың аудандық
шақыру және дәрігерлік комиссияға уақытында келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Жақсы аудандық емханасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесіне:
Тармақша 1
1) аудандық дәрігерлік комиссияны білікті дәрігер мамандармен, орташа дәрігерлік қызметшілермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) емделу мекемелерінде шақырылғандардың денсаулығын кезектен тыс және турақты емдеу үшін кажетті емделу орындарын бөлсін;
Тармақша 3
3) аудандық дәрігерлік комиссияны Қазақстан Республикасы Денсаулык сақтау Министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы №117 және Қазакстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы №100 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде және Қазақстан Республикасының басқа әскерлер мен әскери құрылымдарында дәрігерлік тексеруден ѳткізу Ережесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде 2005 жылдың 14 сәуірінде №3560 тіркелген бірлескен бұйрығының №7 қосымшасына сәйкес қажетті медициналық және шаруашылық құрал - жабдықтармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөліміне:
Тармақша 1
1) Жақсы ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесе отырып, әскерге шақыру бѳлімдерінде және аттандыру станциясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушылардың ныктау және алдын-ала тергеуде болғаны жайында уақытында хабарлау;
Тармақша 3
3) әскери міндетін ѳтеуден бас тартушыларды іздестіру. ұстау ұсынылсын;
Тармақ 6
6. «Жақсы ауданының қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі аудандық бюджетпен қарастырылған қаржыдан шақыру кѳлеміндегі қажетті қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери қызмет және әскери қызмет туралы» Заңын ескере отырып, меншік түріне қарамастан, барлық ұйым басшылары әскерге шақырылушыларды іс сапардан (демалыстарынан) шақырту, оларға хабар жіберіп және шақыру учаскелеріне уақытында келуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Б Мұғаловаға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Жақсы ауданының әділет басқармасында тіркелген күннен кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 16. Мерзімін ұзартуға құқы жоқ, сол сияқты оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және мерзімінде шақыру бойынша әскери міндетін өтемеген он сегіз бен жиырма жеті аралығындағы ер жынысты азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету аудандық комиссиясының ҚҰРАМЫ
2007 жылғы «13» 12
№ 1 А-14/338 нормативті
кұқықтық кесімге қосымша
Мерзімін ұзартуға құқы жоқ, сол сияқты оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және мерзімінде шақыру бойынша әскери міндетін өтемеген он сегіз бен жиырма жеті аралығындағы ер жынысты азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету аудандық комиссиясының ҚҰРАМЫ
Мельников Николай Ильич -Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Көпеева Жанна Ерғазықызы – аудан әкімі аппараты әкімшілік құқықтық бөлімінің жетекші маманы
Ахметов Қуанышбай - Жақсы ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Әбілдаева Гүлжанат Тарғынқызы -хирург-дәрігер, дәрігерлік комиссияның төрайымы (келісім бойынша)
Титова Екатерина Николаевна -аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 17. Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі
Қосымша 2 Жақсы ауданы әкімдігінің
« » 2006 ж. №
қаулысымен бекітілген
Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі
№
Ауыл және ауылдық округ аттары
Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі
1.10.
2.10
4.10
10.10
17.10
31.10
15.1 1
30.11
6.12
1.
Белағаш ауылы
*
2.
Беловод а/о
*
А
Есіл а/о
*
4.
Жақсы ауылы
*
5.
Жаңақима а/о
*
6.
Запорожье а/о
*
7.
Ешім а/о
*
8.
Қайрақты а/о
*
9.
Калинин а/о
*
10.
Новокиен а/о
*
11.
Қызылсай а/о
*
12.
Терісаққан а/о
*
13.
Чапаев а/о
*
14.
Подгорный а/о
*
15.
Тарас а/о
*
16.
Киев ауылы
*