2007 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасындағы 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңдарын басшылыққа ала отырып, шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығынан айрылған азаматтар 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери құзметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясы төмердегі құрамда құрылсын:
Алтаяков Бауыржано Джиенбайұлы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы;
Нұрғалиев Уағиолла Ғазезұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Хайрова Ағайша Ермекқызы - терапевт, аудандық медициналық комиссиясының төрайымы
Жаңғалиев Қоблан Мендыханұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Мұхатова Роза – аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы
Қажет болған жағдайда оларды ауыстыратын резервтегі адамдар:
Бахытов Рашид Шораұлы – қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметкерлерді шақыру және келісім-шарт бойынша дайындау бөлімше бастығы, комиссия төрағасы
Жұмабекұлы Бекбол – аудан әкімі аппаратының құжаттар айналымын қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары
Нүркенов Серік – хирург.
Тармақ 3
3. Аудандық шақыру комиссиясынан (Б.Ж.Алтаяков):
Мерзімді әскери құзметке шақырылатын және әскери оқу орындарына түсуге ниет білдіруші азаматтарды дәрігерлік тексеруден өтуін қамтамасыз ету сұралсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы 8-тармағына сәйкес, медициналық қызметкерлердің және басқа да комиссия мүшелерінің, техникалық құзметкерлердің, шақыру пунктінде қызмет көрсетуші өзге де адамдардың жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан босатылсын.
Тармақ 5
5. Аумақтық медицина бірлестігінен (А.Ғаббас)
Тармақша 1
1) шақыру кезінде медициналық комиссияның құрамын айқындап, соған арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті тәжірибелі дәрігер-мамандар, медбикелер бөлу және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктін медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясы емдеу мекемесіне жіберген шақыртушыларды стационарлық тексеруден өткізу;
Тармақша 3
3) осы мақсатқа арнап аудандық ауруханадан орындар бөлуді қамтамасыз ету сұралсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімінен (И.Бекқалиев):
Тармақ 1
1. шақыру кезінде шақыру пунктіне қоғамдық тәртіптің сақталуы;
Тармақ 2
2. шақырудан жалтарған адамдарды іздестіруге және шақыру пунктіне жеткізуге арнайы полиция қызметкерлерін бөлу сұралсын.
Тармақ 7
7. Ауылдық округтер әкімдеріне:
Тармақша 1
1) Азаматтарды шақыру пунктіне уақытында жеткізуді бақылау жауапкершілігі жүктелсін;
Тармақша 2
2) Азаматтарды шақыру пунктіне жеткізу үшін олардың басына ауылдық округі әкімі аппаратының маманын бөлу міндеттелсін;
Тармақша 3
3) Шақыру жасындағы азаматтарды Бөкей ордасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне арнайы көлікпен жеткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Аудандық қорғаныс істері әскери жөніндегі бөлімінің бастығы Б.Алтаяқовқа азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың өту барысы туралы мәлімдеп отыруды және қорытынды ақпататты 2007 жылдың 10 шілдесіне және 2008 жылдың 10 қаңтарына дейін аудан әкіміне мәлімдеу тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Еркеғалиевке жүктелсін.
Келісемін:
Бөкей ордасы ауданының қорғаныс
жөніндегі бөлімінің бастығы, капитан: Б.Алтаяков
Келісемін:
Бөкей ордасы ауданының аумақтық
Медициналық бірлестігінің ьастығы: А.Ғаббас.
Келісемін:
Бөкей ордасы ауданының
Ішкі істер бөлімінің басшысы И.Беккалиев.