Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 105 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 105 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Зандарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің "Азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2008 жылгы 1 сәуірдегі N 105 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-9-60 болып тіркелген, 2008 жылгы 08 мамырдағы аудандық "Отырар алқабы" газетінде жарияланган) қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 2-тармақшасындағы аудандық шақыру комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін: Ештай Ғалымжан Жайлауханұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша); Түкібай Сабира - аудандық ауруханасының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша); тиісті комиссия құрамынан Таубаева Нұржамал және Ыбраев Мұхит Мамырханович шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Жандарбеков Қажымұқан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Құдайберген Төрехан Маханбетханұлы аудандық медициналық бірлестігінің бастығы