Әкімдіктің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 83 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына еркек жынысты азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әкімдіктің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 83 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына еркек жынысты азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 07.05.2008 г. № 107 (Әкімдіктің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 83 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына еркек жынысты азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы)
Әкімдіктің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 83 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына еркек жынысты азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-68) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер азаматтар 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары ұйымдастырылсын.».