Түпқараған ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 ақпандағы № 27 «Түпқараған ауданы бойынша 2008 жылы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субьектілерінің тізімін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түпқараған ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 ақпандағы №27 «Түпқараған ауданы бойынша 2008 жылы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субьектілерінің тізімін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23.01.2001 жылғы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 23.01.2001 жылғы Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 ақпандағы №27 «Түпқараған ауданы бойынша 2008 жылы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субьектілердің тізімін бекіту туралы» (Аудандық әділет басқармасында 13.03.2008 жылы №11-6-49 болып тіркелген «Ақкетік арайы» газетінің 2008 жылғы 26 наурыздағы №16 санында жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгеріс енгізілсін: Қосымшадағы «Таушық көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны» сөздері «Таушық ауылшаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сөздерімен ауыстырылып оқылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен қолданысқа енгізіледі. Келісілді: ___________С.Қани Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы 18.04.2008 жыл ___________Шүкірбаева Д.С. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы 18.04.2008 жыл
Басқа 4
Түпқараған ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуір № 146 қаулысына қосымша 2008 жылы аудан көлемінде жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің тізбесі № Кәсіпорындардың атауы Жұмыстардың түрлері Жұмыс көлемі Жұмыс мерзімі Еңбекақы мөлшері (ең төменгі жалақы мөлшері) 1 Баутин тұрғын-үй коммуналдық кәсіпорны Көгалдандыру жұмыстары Келісім шартқа сәйкес 1 жылға дейін 10 515 тенге Көше тазалығы Басқа жұмыстары 2 «Таушық шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік Көгалдандыру жұмыстары Келісім шартқа сәйкес 1 жылға дейін 10 515 тенге Көше тазалығы Басқа жұмыстары 3 «Ақшұқыргаз сервиз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Көгалдандыру жұмыстары Келісім шартқа сәйкес 1 жылға дейін 10 515 тенге Көше тазалығы Басқа жұмыстары 4 «Қарағантүбек» ЖШС Көгалдандыру жұмыстары Келісім шартқа сәйкес 1 жылға дейін 10 515 тенге Көше тазалығы Басқа жұмыстары