Түпқараған ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 ақпандағы № 27 «Түпқараған ауданы бойынша 2008 жылы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің тізімін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түпқараған ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 ақпандағы №27 «Түпқараған ауданы бойынша 2008 жылы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің тізімін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23.01.2001 жылғы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 23.01.2001 жылғы Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 ақпандағы №27 «Түпқараған ауданы бойынша 2008 жылы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілердің тізімін бекіту туралы» (Аудандық әділет басқармасында 13.03.2008 жылы №11-6-49 болып тіркелген «Ақкетік арайы» газетінің 26.03.2008 жылғы №16 санында жарияланған) және Түпқараған ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 ақпандағы №27 «Түпқараған ауданы бойынша 2008 жылы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілердің тізімін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Аудандық әділет басқармасында 28.05.2008 жылы №11-6-56 болып тіркелген «Ақкетік арайы» газетінің 10.06.2008 жылғы №28 санында жарияланған) 18.04.08 жылғы №146 қаулысына төмендегідей өзгеріс енгізілсін: Қосымшадағы кәсіпорындар қатарына «Жайлау» ЖШС сөзлері қосылып жаңадан оқылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: ________С.Қани Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы 08.09.2008 жыл ________Шүкірбаева Д.С Аудандық жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалар бөлімінің бастығы 08.09.2008 жыл
Басқа 4
Түпқараған ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 8 қыркүйек № 469 қаулысына қосымша 2008 жылы аудан көлемінде жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің тізбесі № Кәсіпорындар атауы Жұмыстардың түрлері Жұмыс көлемі Жұмыс мерзімі Еңбекақы мөлшері (ең төменгі жалақы мөлшері) 1 Баутин тұрғын-үй коммуналдық кәсіпорны Көгалдандыру жұмыстары Келісім-шартқа сәйкес 1 жылға дейін 10 515 тенге Көше тазалығы Басқа жұмыстар 2 Таушық шаруашылығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Көгалдандыру жұмыстары Келісім-шартқа сәйкес 1 жылға дейін 10 515 тенге Көше тазалығы Басқа жұмыстар 3 Ақшұқыргаз сервиз мемлекеттік комунналдық кәсіпорны Көгалдандыру жұмыстары Келісім-шартқа сәйкес 1 жылға дейін 10 515 тенге Көше тазалығы Басқа жұмыстар 4 Қарағантүбек ЖШС Көгалдандыру жұмыстары Келісім-шартқа сәйкес 1 жылға дейін 10 515 тенге Көше тазалығы Басқа жұмыстар 5 Жайлау ЖШС Мал төлдету Келісім-шартқа сәйкес 1 жылға дейін 10 515 тенге Мал қырқу