«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлерін үйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы №14 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлерін үйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы №14 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республиқасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы №14 «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлерін ұйымдастыру туралы» (Аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 21 қаңтарында №10-8-60 болып тіркелген, 2008 жылдың 13 ақпанында №14 «Тіршілік тынысы» газет баспасында жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) аталған қаулының 2 қосымшасымен бекітілген қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер тізбесіне:
«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», «Аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік кәсіпорны» және «Қызылорда қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік мекемесінің Сырдария аудандық филиалы» мемлекеттік мекемелермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.