"Аманкөл селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы" 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 255/61 бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
"Аманкөл селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы" 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 255/61 бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, 31-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Аманкөл селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 255/61 бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 3-5-87 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 ақпандағы «Ырғыз» газетінде № 5 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы 1-қосымша алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.