Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/121 "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/121 "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасы Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 17 шілдедегі № 16/207 «Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 10/116 «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/121 «2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылы 8 қаңтарда № 11-5-64 болып тіркелген, аудандық «Жаңа өмір» газетінің 2009 жылғы 4 ақпандағы № 5-6 санында жарияланған), өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/121 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 10 ақпандағы № 11/133 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылы 27 ақпанда № 11-5-70 болып тіркелген, аудандық «Жаңа өмір» газетінің 2009 жылғы 18 наурыздағы № 13-14 санында жарияланған), «2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/121 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 15 сәуірдегі № 12/147 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылы 4 мамырда № 11-5-77 болып тіркелген, аудандық «Жаңа өмір» газетінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 22-23 санында жарияланған), «2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/121 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 8 мамырдағы № 13/156 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылы 14 мамырда № 11-5-79 болып тіркелген, аудандық «Жаңа өмір» газетінің 2009 жылғы 27 мамырдағы №25 санында жарияланған), «2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/121 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14/162 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылы 2 шілдеде № 11-5-84 болып тіркелген, аудандық «Жаңа өмір» газетінің 2009 жылғы 8 шілдедегі № 32-33 санында жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2009 жылға арналған аудандық бюджет» 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер – 3 632 763 мың теңге, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша -2 191 833 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 8 863 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер- 9 659 мың теңге; трансферттер түсімдер бойынша –1 422 408 мың теңге; 2) шығындар – 3 665 472 мың теңге; 3) операциялық сальдо – 32 709 мың теңге; 4) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 32 709 мың теңге; 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге; 2 - тармақта: бірінші абзацтағы «0» деген сан «36,1» деген сандармен ауыстырылсын; төртінші абзацтағы «0» деген сан «36,6» деген сандармен ауыстырылсын. 3 - тармақта: «72 978» деген сандар «59 298» деген сандармен ауыстырылсын. 4 - 1 - тармақта: «65 469» деген сандар «126 463» деген сандармен ауыстырылсын; тоғызыншы абзацтағы «250 000» деген сандар «325 703» деген сандармен ауыстырылсын. көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. КЕЛІСІЛДІ: Нұржаубай Ғабиден Өтелгенұлы Аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығының м.а. 18 шілде 2009ж