О проведении в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года очередного призыва на срочную воинскую службу граждан 1981-1990 годов рождения, не имеющих права на отсрочку Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскерге шақырудан қалдырылуға құқығы жоқ 1981-1990 жылы туған азаматтардың 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында жедел әскери кызметке шақыруын өткізу туралы Қазақстан Республикасы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ Заңының 19 бабы 3 тармағына, 23 бабы 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мерзімді әскери кызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығаруды және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтарды әскери қызметке шақырту және ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясына, Қазақстан Республикасының төтенше жагдайлар жөніндегі Министрлігіне әскерге шақырудан қалдырылуға немесе босатылуға кұкығы жоқ он сегізден бастап жиырма жеті жасқа дейінгі, сонымен қатар жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өтемеген, оқу орындарынан шығарылған азаматтар 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында жедел әскери қызметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыртуды өткізу үшін құрамда әскерге шақырту комиссиясы құрылсын: комиссия төрағасы - қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы комиссия төрағасының орынбасары - аудан әкімінің орынбасары. комиссия мүшелері: аудандық ішкі істер бөлімінің тәрбие және кадрлық жұмыс жөніндегі бастығының орынбасары (келісім бойынша); орталық аудандық емхананың бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары - медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша); комиссия хатшысы.
Тармақ 3
3. Селолық округтер әкімдері әскерге шақырылушыларды медициналық комиссияға жеткізуді және әскери қызметті өту үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.И.Пояркинге әскерге шақырту және азаматтарды мерзімді әскери қызметке жөнелту кезінде әскерге шақырылушылардың соғыс және еңбек ардагерлерімен, әскер-интернационалистермен кездесулерін өткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Орталық аудандық емхананың бас дәрігері Т.И.Кузинаға:
Тармақша 1
1) комиссияны тәжірибелі дәрігер-мамандармен, медициналық персонал мен жинақтасын, сонымен қатар мүлікпен және құралдармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) айнаға түсіру, функционалдық диагностика кабинеттерінің, анализдерді тапсыру зертханасының дамылсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) медициналық комиссия құрамы аурухана бойынша бұйрықпен бекітілсін, комиссияны жүргізу үшін олардың сағат 10-ға келуін қамтамасыз етсін, жетіспейтін мамандар бойынша облыстық денсаулык сақтау департаментіне өтініш берсін.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі Т.М.Тұғынбаевқа әскерге шақырту комиссиясына себепсіз келмеген әскерге шақырылушылардың келуін және іздестіруін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қаржы бөлімінің бастығы А.П.Яковенкоға мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шараларға жергілікті бюджет есебінен осы мақсатқа бөлінген қаржы шегінде шығыстарды өз уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Мамлют ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Л.Н.Илыошицке Қазақстан Республикасы «Әскери міндет және әскери кызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №74-ІІІ Заңының 44 бабына сәйкес: Әскерге шақырту кезінде әскерге шақыртуды материалдық-техникалық камтамасыз ету үшін техникалық жұмысшылардың (іс жүргізушілердің) 3 штаттық бірлігін 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейін, 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейін қабылдасын. Осы қаулының 9 тармағында көрсетілген іс-шаралар үшін көлікті жалдауды жүргізсін.
Тармақ 9
9. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы С.Ә.Сүлейменовке Қазақстан Республикасының қарулы Күштеріне жөнелту бойынша әскерге шақырылушыларды облыстық жинау пунктіне жіберу және мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті азаматтарды зерделеу үшін, әскерге шақырылушылармен, ата-аналарымен не тәрбиелейтін тұлғалармен, әскерге шақырылушы жұмыс істейтін (оқитын) білім ұйымдарының басшыларымен, басқа тұлғалармен, әскерге шақырылушылардың таныстарымен (көршілері, достары) жеке әнгіме өткізу арқылы жергілікті бюджет есебінде жалға берілген автокөлікті пайдалансын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Б.Бәкеевке жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді Аудандық емхананың бас дәрігері Т.Кузина 03.04.2008 ж. Мамлют ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы С.Сүлейменов 03.04.2008 ж. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Т.Тұғынбаев 03.04.2008 ж.