2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
ҚАЗ2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 74
- Қабылданған күні
- 14.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 14.03.2008 · қолданыстағы 38795_319089.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 14.03.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZF000061
- ЭКБ идентификаторы
- 38795
- Редакция идентификаторы
- 38795_319089
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:51
0 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Н.Кенжеғалиев) 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыру күніне 18 жасқа толған мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды сондай-ақ шақырылуды кейінге қалдыру құқығынан айырылған 1981 -1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырсын, белгіленген мерзімде маусымда, желтоқсанда аудан әкімі аппаратына ақпарат тапсыратын болсын.
2 2. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру және резервтік комиссиялардың құрамдары №1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
3 3. 2008 жылы азаматарды мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі және күзгі өткізу кестелері №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4 4. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жабдықталған орын бөлсін.
5
5. Шақыру комиссиясының мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында әскерге шақыру пунктіне көмек көрсету үшін Жәнібек ауылдық округі әкімі (Р.Өтемісов) 3 техникалық қызметкер және шақырылушылар медициналық комиссия өтуі кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің кестесіне сәйкес кезекші автокөлік бөлетін болсын.
6 6. Ауылдық округтер әкімдері мен мемлекеттік мекемелердің басшыларына:
1 1) шақырылған азаматтардың медициналық тексеру мен шақыру комиссиясына және оларды облыстық жинақтау пунктіне жеткізу үшін толықтай келуін қамтамасыз етсін;
2 2) мерзімді әскери қызметке алынушылар салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырсын.
6
6. «Аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (Т.Мұсағалиев) шақырылғандарды медициналық тексеруден өткізу үшін қажетті жоғары білімді тәжірибелі маман дәрігерлерді бөліп, шақыру пунктін медициналық құрал-жабдықтармен, лабораториялық және рентген тексерулерін қамтамасыз ету шараларын алсын. Шақыру комиссиясының қорытындысы бойынша азаматтардың стационарлық және амбулаториялық тексеруден өтуі үшін 10 орын бөлінетін болсын.
7 7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Н.Наурзалиев):
1 1) шақыру кезеңінде аудандық шақыру пунктінде шақырушылар жөнелтілетін бекеттерде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
2 2) әскери қызметке шақырылғандарды жинақтау пунктіне жөнелту орнына алып баратын автобустарды мемлекеттік автоинспекция қызметкерлерінің қостауын ұйымдастырсын;
3 3) медициналық тексеруге уақытында немесе әскери міндеттіліктен жалтарған шақырушыларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуіне көмектессін;
4 4) аудандық ішкі істер бөліміне алдын-ала тексеру және тергеу жөніндегі шаралар бойынша қылмыстық іс қозғалған шақырушылар туралы мәліметті мерзімді уақытта аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлайтын болсын.
8 8. «Жолаушы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Қ.Қапаев) әскерге шақырушыларды әскерге жөнелту орнына аттандыру үшін белгіленген мерзімдерге сай автобус бөлетін болсын.
9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Менеевке жүктелсін.
10 10. Бұл қаулы Жәнібек ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізіледі.
18 Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы №74 қаулысына №1 қосымша
Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясының құрамы
Кенжеғалиев Нұрболат Өтепұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Қайдаров Мереке Жұмабайұлы - аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Төлеуов Берік Төлепұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Өтегенов Амангелді Бұхарұлы - аудандық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы;
Шукенова Бәлия Сағынғалиқызы - аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы.
Бекжанов Нұртас Нұрманұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлімше бастығы, комиссия төрағасы
Өтешев Тимур Ерденбекұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Дауова Мәнсия Нариманқызы - аудандық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы
Қуанышқалиев Еркін Сабидоллаұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Қойбағарова Күләш - аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы.
19 2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі өткізу кестесі
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы №74 қаулысына
№2 қосымша
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы №74 қаулысымен
бекітілген
2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі өткізу кестесі
№
Ауылдық
округтерінің
атауы
Шақырушылардың саны
Сәуір
01.04
02.04
03.04
04.04
07.04
1
Акоба а/о
10
ххххх
2
Борсы а/о
15
хххх
3
Жақсыбай а/о
29
хххх
4
Қамысты а/о
21
хххх
5
Күйгенкөл а/о
13
хххх
6
Тау а/о
16
ххххх
7
Талов а/о
21
хххх
8
Ұзынкөл а/о
11
хххх
9
Жәнібек а/о
84
ххххх
хххх
Барлығы
220
44
40
48
50
42
2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі өткізу кестесі
№
Ауылдық
округтерінің
атауы
Шақырушылардың саны
Қазан
01.10
02.10
03.10
06.10
07.10
1
Акоба а/о
10
ххххх
2
Борсы а/о
15
хххх
3
Жақсыбай а/о
29
хххх
4
Қамысты а/о
21
хххх
5
Күйгенкөл а/о
13
хххх
6
Тау а/о
16
ххххх
7
Талов а/о
21
хххх
8
Ұзынкөл а/о
11
хххх
9
Жәнібек а/о
94
ххххх
хххх
Барлығы
230
44
50
48
50
42