О проведении призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года граждан, родившихся в 1981-1990 годах Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан- желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шакыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 8 қаңтардағы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңдарына және 2006 жылғы 30 маусымдағы «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, азаматтарды жыл сайынғы жедел әскери қызметке шақыруды және ұйымдастыруды өткізуге байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссиясы құрылсын және оның жеке құрамы мен қосымша құрамы бекітілсін (№ 1, № 5 қосымша).
Тармақ 2
2. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жирма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген Қазақстан Республикасының азаматтарын жедел әскери қызметке шақыруын қалалық шақыру комиссиясы өткізсін.
Тармақ 3
3. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы бойынша шақыру учаскесі құрылсын- «Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ мекен жайы: Сәтбаев қаласы Гурба көшесі 102 үй (әрі қарай шақыру учаскесі).
Тармақ 4
4. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссияның жеке құрамы бекітілсін (әрі қарай шақыру жөніндегі медициналық комиссия), (№ 2 қосымша).
Тармақ 5
5. «Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі» ММ-не (Е. Х. Сәкеев), «Жалпы әскери міндеттілік шаралары аясындағы» бағдарламаға сәйкес, жергілікті бюджет қаражатынан азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу үшін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. 2008 жылдың сәуір-маусым айларында азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін № 3 қосымша).
Тармақ 7
7. Шақыруды өткізу кезеңіне қажетті автокөлікпен қамтамасыз ету кестесі бекітілсін (№ 4 қосымша).
Тармақ 8
8. «Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысына (К. Қ. Қабыкенов – келісім бойынша) шақыру комиссиясының жұмысы уақытында дәрігерлік комиссия мүшелерінің негізгі жұмыс орындары мен орта жалақыларының сақталуын, шақыру учаскесін дәрі-дәрмекпен және қажетті дәрігерлік құралдармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 9
9. «Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі» ММ (С. Б. Жаппаров – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) «Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, өзара әрекеттесу іс-шаралы ұйымдастырылсын;
Тармақша 2
2) әскери міндеттілікті орындаудан бас тартқандарды іздестіру мен ұстауды жүзеге асырсын.
Тармақ 10
10. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Т. Ғ. Қапарова) шақыруды өткізу кезеңінде, шақыру комиссиясы қарамағына қажетті техникалық қызметкерлерді жолдасын.
Тармақ 11
11. Меншік нысанына қарамастан, өнеркәсіптер, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына, шақыру учаскесіне келуге тиісті азаматтарды жұмыстан (оқудан) босатып, шақыру комиссияна дер кезінде келулерін қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 13
13. Қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін. «Келісілген» «Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығы А. Д. Грудей «03» 04 2008 ж. «Келісілген» «Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі» ММ бастығы С.Б. Жаппаров «03» 04 2008 ж. «Келісілген» «Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаменті» ММ Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысы К. Қ. Қабыкенов «03» 04 2008 ж. «Келісілген» «Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі» ММ бастығы Е. Х. Сәкеев «03» 04 2008 ж.
Басқа 16
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2008 жылғы „03” 04 № 8-106/4 қаулысымен бекітілген № 1 қосымша Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссиясының құрамы Грудей Александр Дмитриевич - «Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығы, комиссияның төрағасы, (келісімі бойынша); Мұханбеталина Сара Тлегенқызы - «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары; Десятова Валентина Алексеевна - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы» МКҚК медбибісі, комиссия хатшысы; Комиссия мүшелері: Мергенбаев Төлеген Мергенбайұлы - «Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі» ММ бастығының орынбасары, (келісімі бойынша); Маймақова Кәуя Кәкімқызы - «Маймақова К.К.» жеке кәсіпорнының жүйке ауруларының дәрігері.
Басқа 17
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2008 жылғы „03” 04 № 8-106/4 қаулысымен бекітілген № 2 қосымша Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссияның құрамы Маймақова Кәуя Кәкімқызы - «Маймақова К.К.» жеке кәсіпорнының жүйке аурулары дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы. Әбдіғожина Баян Өтегенқызы - Сәтбаев қаласының «Стоматология» өндірістік кооперативінің тіс дәрігері; Баспаева Нұрсұлу Ырзахметқызы - «Сәтбаев қаласының № 6 отбасылық дәрігерлік амбулаториясының» дәрігер-терапевті; Балтабекова Масура Мұқашқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы» МКҚК көз дәрігері; Бұланбаева Гүлбану Дәнекейқызы - «Сәтбаев қаласының жүйке аурулары диспансері» МКҚК жүйке аурулар дәрігері; Даирова Мира Сейдаловна - «Жезқазған қаласының тері және жұқпалы аурулары диспансері» МКҚК дәрігері; Қадырбекова Роза Рахымбекқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы» МКҚК құлақ, мұрын және тамақ ауруларының дәрігері; Сүлейменова Ақмарал Өмірбекқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы» МКҚК дәрігер – оташысы. Орта дәрежелі медициналық қызметкерлер: Әльменбетова Рая - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы» МКҚК, медбибісі; Бүстікбаева Күләш Қалиқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы» МКҚК, медбибісі; Бектауова Әсем Сарсенбайқызы - «Сәтбаев қаласының № 1 ОҚА» МКҚК, медбике-терапевті.
Басқа 18
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2008 жылғы „03” 04 № 8-106/4 қаулысымен бекітілген № 3 қосымша Сәтбаев қаласы бойынша 2008 жылдың сәуір-маусым айларында Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу КЕСТЕСІ Сәтбаев қаласының қорғаныс істеру жөніндегі бөлімі Комиссиясының жұмыс күндері, уақыты - 9.00 ден 18.00 ге дейін айы сәуір мамыр маусым күні 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30 1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14, 15, 16, 19, 20, 21, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 30 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 24, 25, 26, 27, 30
Басқа 19
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2008 жылғы „03” 04 № 8-106/4 қаулысымен бекітілген № 4 қосымша Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне, шақыру жөніндегі қалалық комиссиясына автокөлік бөлудің Кестесі № Кәсіпорынның аталуы Автокөлік бөлу мерзімі Бөлу сағаты 1 “ҚР Ауылшаруашылық Министрлігінің Сәтбаев қалалық аймақтық басқармасы”ММ 07.04 – 11.04 9.00-18.00 2 «Жезқазған қалалық қияли-жүйке ауруларын емдеу мекемесі» ММ 14.04 – 18.04 9.00-18.00 3 «ӘАҚЖ» РМК Жезқазған әскерилендірілген «КЕН» құтқарушылық жасағы 21.04 – 25.04 9.00-18.00 4 «Жезқазған қалалық туберкулез ауруына қарсы күрес диспансер» ММ 25.04 – 02.05 9.00-18.00 5 «№1 Қалалық орталық аурухана» МКҚК 05.05 – 09.05 9.00-18.00 6 «Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті» ММ Сәтбаев қаласы бойынша басқармасы 12.05 – 16.05 9.00-18.00 7 «Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі» ММ 19.05 – 23.05 9.00-18.00 8 «Сәтбаев қаласы әкімі аппараты» ММ 26.05 – 30.05 9.00-18.00 9 «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 02.06 – 06.06 9.00-18.00 10 «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» ММ 09.06 – 13.06 9.00-18.00 11 «Сәтбаев қаласы бойынша салық комитеті» ММ 16.06 - 20.06 9.00-18.00 12 «Сәтбаев қаласының қазынашылық бөлімі» ММ 23.06 – 27.06 9.00-18.00
Басқа 20
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2008 жылғы „03” 04 № 8-106/4 қаулысымен бекітілген № 5 қосымша Жедел әскери қызметке шақыру жөніндіге қалалық комиссияның қосымша құрамы Супонин Владимир Иванович - «Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығының орынбасары, комиссия төрағасы; Бушманова Ботагөз Әбілқасымқызы - « Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, комиссия төрағасының орын- басары; Жакупова Күлзия Сатыбалдықызы - «Сәтбаев қаласының поли- клиникасы» МКҚК медбикесі комиссия хатшысы; Комиссия мүшелері: Оразбаев Ерлан Қалиұлы - «Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі» ММ бастығының орын- басары; Сүлейменова Ақмарал Өмірбекқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы» МКҚК дәрігер – оташысы.