2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1981-1990 жылдарда туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1981-1990 жылдарда туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 01 сәуірдегі № 563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысын негізге алып, 1981-1990 жылдарда туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Степногорск қаласының аумағында 1981-1990 жылдарда туған азаматтардың кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуы жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Степногорск қаласы, 1 шағынаудан, 22 үй, «Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекен-жайы бойынша шақыру пункті ұйымдастырылсын (одан әрі - Қорғаныс істер жөніндегі бөлім).
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамында құрылсын.
Тармақ 4
4. Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақыруды жүргізу ұсынылсын. «Степногорск қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша) шақырылушыларды медициналық қуәландырудан өткізу үшін шақыру комиссияның қарамағына дәрігерлер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлердің қажетті санын бөлу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Степногорск аймақтық психиатрия ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін шақыру комиссияның қарамағына психиатр-дәрігерін бөлу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Степногорск қаласы кәсіпорындарының, мекемелерінің, ұйымдарының, оқу орындарының басшылары:
Тармақша 1
1) іссапарларда (демалыстарда) жүрген шақырылушыларды шақырып алсын және шақыру комиссиясын өту үшін шақыру пунктіне келуді оларға жүктесін, шақырушылардың шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды шақыру, стационарлық тексеру, сондай-ақ амбулаторлық анализдерді жүргізу уақытына жұмыстан босатсын.
Тармақ 8
8. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру пунктіне алты адамнан тұратын техникалық жұмысшыларды бөлсін.
Тармақ 9
9. Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінің және Қарабұлақ селолық оқругінің әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыруға жататын барлық шақырылушыларға жеке шақыру қағаздарын тапсырып және оларды шақыру комиссиясына Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен белгіленген күндерінде келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды шақыру пунктіне жеткізу үшін алып барушыларды және қажетті көлікті беруді қамтамасыз етсін, апарған уақытта шақырылушыларды жол апаттарынан сақтандыру үшін шаралар қолдансын;
Тармақша 3
3) шақырылушыларды шақыру пунктіне жіберер алдында, олардың жеке шақыру қагаздарында көрсетілген құжаттардың түгел болуын тексерсін.
Тармақ 10
10. Шақыруды өткізуіне байланысты шығындардың қаржыландыруы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтінімі бойынша қалалық бюджетте көзделген қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. «Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің Степногорск қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне алдын ала тексеру мен тергеу жүргізіліп жатқан шақырылушылары туралы жеті күн мерзімі ішінде ақпарат беру;
Тармақша 2
2) Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтінімдері бойынша шақыру мерзімінде шақыру пунктінде шақырылушыларды облыстық шақыру пунктіне жіберу мен апару кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) әскери міндеттен бас тартып жүрген азаматтарға іздеуді жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
Басқа 21
Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № ә-4/136 қосымша Шақыру комиссиясының құрамы Қатышев Төлеген Саттарұлы - «Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы Боцман Николай Яковлевич - «Степногорск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің ТЖ жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Вернигора Наталья Ивановна - «Степногорск қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Есжанов Қанат Рахметоллаұлы - «Ақмола облысы ішкі істер департаментінің Степногорск қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының тәрбие және кадрлар жұмысы бойынша орынбасары (келісім бойынша) Жұмабекова Алмагүл Тельманқызы - «Степногорск қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының учаскелік терапевт-дәрігері, медициналық комиссиясының төрайымы Оспанов Болат Кеңесұлы - «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби-техникалық оқу орталығының директоры (келісім бойынша) Штундер Георгий Георгиевич - «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби-техникалық оқу орталығының өкілі (келісім бойынша)