Қолданыстағы ред. 03.04.2008

2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1981-1990 жылы туылған азаматтарды Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 03.04.2008 г. № 34 (2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1981-1990 жылы туылған азаматтарды Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)

0

2008 жылдың сәуір-маусым және
қазан-желтоқсан айларында
1981-1990 жылы туылған азаматтарды
Қазақстан Республикасының
қарулы күштері қатарына мерзімді
әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылдың 8 шілдедегі Заңының 19 бабы, 44- бабының 1-тармағы негізінде және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылғы 01 сәуірдегі №563 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 1981-1990 жылы туылған азаматтарды кезекті міндетті әскери қызметке шақыру 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыру пункті және шақыру комиссиясының құрамы Жаңаөзен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі базасында ұйымдастырылсын.

2

2. Кент, село әкімдері және ұйымдардың басшылары көрсетілген азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыруға байланысты тиісті міндеттерін орындау үшін азаматтардың қорғаныс істеру жөніндегі бөліміне шақырылғаны туралы хабардар етуді және олардың тиісті құжаттарымен шақыру пунктіне белгіленген мерзімде автокөлікпен жеткізілуін қамтамасыз етсін.

3

3. Аудандық емхананың бас дәрігері /Ж.Шоланова/ (келісім бойынша) аудандық орталық аурухананың бас дәрігері /Б.Төлешов/ келісім бойынша 1981-1990 жылдар аралығында туылған әскерге шақырылатын азаматтарды медициналық тексерістен өткізуде тәжірибелі маман дәрігерлерді қамтамасыз етсін.

4

4. Әскерге шақырылғандар мен оларды шығарып салушылар арасындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруде ішкі істер бөлімінің бастығы /Қ.Құсайынов/ қажетті сандағы қызметкерлер бөлуді қамтамасыз ету жүктелсін.

5

5. Жаңаөзен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығына /Д.Қоңқаев/ 2008 жылғы желтоқсан айының 30-на дейін аудан әкімдігі қаулысының орындалысы туралы жазбаша ақпарат беру жүктелсін (келісім бойынша).

6

6. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.

7

7. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Г.Сүйеуова _______ Аудан әкімінің орынбасары
С.Мұқанов ___________Аппарат басшысы
Қ.Құсайынов_________Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Б.Телешов___________ Аудандық аурухана бас дәрігері
Ж.Шоланова _________ Аудандық емхана бас дәрігері
Қ.Сәрсенғали _________ Құрық ауылының әкімі
Қ.Асанов _____________ Жетібай кентінің әкімі
Б.Мырзабаев __________ Мұнайшы кентінің әкімі
А.Тасмағанбетов________ Бостан ауылының әкімі
Қ.Матиков _____________ Сенек ауылының әкімі
Ғ.Базаров ______________ Құланды ауылының әкімі
Д.Қоңқаев ______________ Жаңаөзен қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы