Кезекті 2008 жылдың «қазан-желтоқсан айларында» 1981-1990 жылдар аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Кезекті 2008 жылдың «қазан-желтоқсан айларында» 1981-1990 жылдар аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кезекті 2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында 1981-1990 жылдар аралығында туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу Ақтау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Ауылдар мен селолық округтердің әкімдері, ұйымдар мен мекемелер басшылары 2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шакырылуға жататын азаматтарды қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақырылғаны туралы хабардар етуді және олардың медициналық куәландырудан және тексеруден өтуі үшін шақыру пунктіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық емхананың бас дәрігері (Е.С.Қосмағанбетов), аудандық аурухананың бас дәрігері (Н.К.Әбілов):
Тармақша 1
1) 2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында шақырылушы жастардың флюраграфиядан, электрокардиограммадан өткізілуін, анализдері тапсырылып, қан топтарын айыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясымен аудандық емдеу мекемелеріне жолданған шақырушылардың амбулаторлық тексерістен өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы (Д. Қойшыбаев) 2008 жылдың күзіндегі мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі басқармасына келуден жалтарып, бой таласып жүрген шақырылушыларға іздеу салу және оларды тауып, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына мөлшерде полиция қызметкерлерінің жолдануын қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім бойынша).
Басқа 7
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 14 тамыздағы
№7/84 шешімімен бекітілген
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және
пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге
әлеуметтік көмек көрсету
Тәртібі
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайданылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек әрі - тұрғын үй көмегі) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, жалғызілікті зейнеткерлерге көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту жэне элеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі Мұнайлы аудандық зейнетақы төлеу орталығының жасақтаған алушылар тізімдері негізінде ай сайын тағайындалады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган ай сайын тапсырылған құжаттардың негізінде тұрғын үй көмегін алушы жалғызілікті зейнеткерлер тізімін жасақтайды.
Жалғызілікті зейнеткерлерге тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2)салық төлеушінің тіркелу нөмірі;
Тармақша 3
3)тұрғындар есебі кітабының көшірмесі;
Тармақша 4
4)зейнетақы алушы кітапшасының көшірмесі;
Тармақ 5
5. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен құжаттарының дұрыстығына толық жауаптылық тартады. Төлем жүргізілгеннен кейін деректердің анық еместігі айқындалған жағдайда, заңсыз төленген сомалар заңнамамен белгіленген тәртіппен кінэлі адамдардан өндіріледі.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен бір айлық көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төленеді.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалып, мезгілінде төленуіне Уәкілетті орган жауаптылық тартады.
Тармақ 8
8. Алушылар тізімдерінің дұрыс және мезгілінде жасақталуын Мұнайлы зейнетақы тағайындау орталығы жауаптылық тартады.