2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы Қолданыста
Басқа 0
2008 жылдың қаңтар-наурыз
айларында 1991 жылы туылған
азаматтарды шақыру учаскесіне
тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылдың 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Қазақстан Республикасының Заңына, Облыс әкімінің 2007 жылғы 07 желтоқсандағы №450 «Маңғыстау облысы аудандарының және қалаларының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері мен басқармасының шақыру учаскелеріне 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы» қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2008 жылдың қаңтар- наурыз айларында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру учаскесі Жаңаөзен қалалық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің базасында ұйымдастырылсын (Ж.Дуйсенов- келісім бойынша).
Тармақ 3
3. Кент, село әкімдері және ұйымдардың басшылары:
1991 жылы туылған және бұдан бұрын тіркеуден өтпеген азаматтардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық ауруханаға (Б.Т. Төлешов – келісім бойынша), аудандық емханаға (С.Умбеталина- келісім бойынша), шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюрографиядан,электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ.Құсайыновқа (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Тіркеу жүргізу кезінде қорғаныс істер жөніндегі бөліммен Ж.Дүйсенов - келісім бойынша) бірлесіп әскерге шақыру учаскелерінде ереже мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақша 2
2) Аудан көлеміндегі шақыру учаскелеріне азаматтардың толықтай келуін бақылауға алып, олардың тіркеуден бас тартуына жол берілмеуін қадағалау ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Жаңаөзен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Д.Қоңқаев (келісім бойынша) 2008 жылдың 10 сәуіріне дейін 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркелгендігі жөнінде аудан әкімі аппаратына ақпарат беру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалсын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Суйеуоваға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімінің орынбасары
Г.Суйеуова_______ «__»_______ 2008ж.
(қолы)
Жаңаөзен қаласының қорғаныс істеру
бөлімінің бастығы
_______ «__»_______ 2008ж.
(қолы)
Аудандық аурухана бас дәрігері
Б.Т.Тулешов_______ «__»_______ 2008ж.
(қолы)
Аудандық емхананың бас дәрігері
С.Умбеталина _______ «__»_______ 2008ж.
(қолы)
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Қ.Құсайынов_______ «__»_______ 2008ж.
(қолы)