Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2008 года областным бюджетом Карагандинской области на погашение оставшейся части задолженности по заработной плате работников Государственного акционерного общества "Карагандинский металлургический комбинат", образовавшейся до ноября 1995 года Қолданыста
Басқа 0
Қарағанды облысы облыстық бюджетінің "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан жалақы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына , "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысы облыстық бюджетінің "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан жалақы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Қарағанды облысы облыстық бюджетінің "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан жалақы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 18 шілдедегі
N 707 қаулысымен
бекітілген
Қарағанды облысы облыстық бюджетінің "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан жалақы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Тармақ 1
1. Осы Қарағанды облысы облыстық бюджетінің "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан жалақы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және 2008 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен 021 "1995 жылғы қарашаға дейін құрылған "Қарметкомбинат" МАҚ-ы қызметкерлерінің жалақысы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеу үшін Қарағанды облысының облыстық бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қарағанды облысының облыстық бюджетіне төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
Тармақ 3
3. "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттік акционерлік қоғамы қызметкерлерінің (бұдан әрі - "Қарметкомбинат" МАҚ, қызметкерлер) жалақысы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге бөлінетін қаражатты төлеу "Қарметкомбинат" МАҚ-та жұмыс істеген және 1995 жылғы қарашаға дейін өз жалақысын толық көлемде алмаған адамдарға немесе олардың мұрагерлеріне жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Жалақы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеу есебіне ақша қаражатын алуға құқығы бар қызметкерлердің тізімін (бұдан әрі - тізім) және берешек сомаларды айқындау мақсатында Қарағанды облысы әкімінің шешімімен:
Тармақша 1
1) Қарағанды облысы әкімдігінің;
Тармақша 2
2) "Қарметкомбинат" МАҚ;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті аумақтық бөлімшесінің;
Тармақша 6
6) Қарағанды облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының;
Тармақша 7
7) Қарағанды облысы бойынша Қаржы басқармасының өкілдерінен комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Тармақ 5
5. Комиссияны төраға - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары басқарады.
Тармақ 6
6. Комиссияның отырыстары, егер оған мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.
Тармақ 7
7. Шешім отырысқа қатысушылар санының кемінде үштен екісінің дауысымен ашық дауыс беріп қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссияның отырысына төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Комиссияның жұмыс істейтін органы Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) болып табылады.
Тармақ 9
9. Басқарма "Қарметкомбинат" МАҚ әкімшілігімен бірлесіп тізімге сәйкес "Қарметкомбинат" МАҚ қызметкерлерінің орналасқан жерін анықтау жөнінде шаралар қабылдайды және оларды жалақы бойынша берешектің тиесілі сомасын алуға өтініш берудің тәртібі туралы хабардар етеді.
Тармақ 10
10. Жалақы бойынша берешек сомасын алу үшін қызметкерлер не олардың мұрагерлері осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті өтінішпен Басқармаға барады.
Өтінішке мынадай құжаттардың:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін шетелдіктің паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі);
Тармақша 2
2) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәліктің;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің тіркеу нөмірінің;
Тармақша 4
4) мұрагер болып табылатын адамдар үшін мұрагерлік құқығы туралы куәліктің көшірмелері қоса беріледі.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшалары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
Сондай-ақ өтінішті жоғарыда көрсетілген адамдардың өкілдері де беруі мүмкін. Мұндай жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат өтінішке қоса беріледі.
Тармақ 11
11. Басқарма өтінішті тіркейді және өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы растама береді.
Тармақ 12
12. Басқарма өтінішті қабылдаған күннен бастап он күн ішінде өтініш беруші тізімде болған жағдайда қаражатты төлеу туралы шешім шығарады. Өтініш беруші тізімде болмаған жағдайда Басқарма өтініш берген адамның тиісті төлемдерді алу құқығының бар не жоқ екенін анықтау үшін оның деректерін Комиссияға жолдайды, бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді және өтінішті қабылдаған күннен бастап бір ай мерзімде Комиссия шешімінің негізінде қаражатты төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы тиісті шешім шығарады. Бас тартқан жағдайда бас тарту себебін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 13
13. Бас тарту үшін:
Тармақша 1
1) Комиссия анықтаған тиісті төлемдерді алуға құқығының болмауы;
Тармақша 2
2) өтінішке қоса берілетін құжаттар жиынтығының толық ұсынылмауы негіздеме болып табылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес бас тартуға негіз болған себеп жойылған жағдайда өтініш жалпы негізде қайта қаралады.
Тармақ 14
14. Өтініш берушілерге тиесілі сомалардың мөлшері жөніндегі келіспеушіліктерді Комиссия қарайды.
Тармақ 15
15. Комиссияның және Басқарманың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 16
16. Берешек сомасы өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген өкініш деңгейдегі банктегі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік операциялардың тиісті түрлеріне арналған лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотқа аударылады.
Тармақ 17
17. Басқарма Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану туралы есептерді ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
Тармақ 18
18. Бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуына Қарағанды облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Басқа 1. Өтініш
Қарағанды облысы
облыстық бюджетінің
"Қарағанды металлургиялық
комбинаты" мемлекеттік
акционерлік қоғамы
қызметкерлеріне 1995 жылғы
қарашаға дейін қалыптасқан
жалақы бойынша берешектің
қалған бөлігін өтеуге
2008 жылға арналған
республикалық бюджеттен
бөлінетін нысаналы ағымдық
трансферттерді пайдалану ережесіне
қосымша
Қарағанды облысы
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының бастығына
_____________________________________
(елді мекен, аудан, көше, үй немесе пәтер
N, телефон)
_____________мекен-жайы бойынша тұратын
Жеке куәлігінің N_________________________
____________________________________берген
Берілген күні_____________________________
ӘЖК N_____________________________________
СТН_______________________________________
__________________________________________
__________________________________________
(Өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш
Маған "Қарметкомбинат" МАҚ істеген кезеңде 1995 жылғы қарашаға дейін
қалыптасқан жалақы бойынша _________ теңге мөлшерінде берешек соманың
төленуін сұраймын.
Банктегі __________________ шотқа
Банк реквизиттері ____________________________________________
______________________________________________________________
Жалған ақпарат және анық емес (жалған) құжат ұсынғаным үшін
жауапкершілікте болатыным туралы ескертілді.
2008 ж. "__"______________ _______________________
(Өтініш иесінің қолы)
Құжаттар қабылданды
2008 ж. "__"_________ ________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. мен қолы)
________________________________________________________
(қию сызығы)
Жалған ақпарат және анық емес (жалған) құжат ұсынғаным үшін
жауапкершілікте болатыным туралы ескертілді.
Өтініш иесінің қолы _____________________
Аз. _______________________ өтініші ____ дана қоса берілген
құжаттарымен бірге 2008 ж. "__"____________________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы__________
______________________________________________________________