Ақжайық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 186 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАЗАқжайық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 186 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ақжайық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 186 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 186 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 411
- Қабылданған күні
- 05.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 06.09.2010 · қолданыстағы AI42661_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 06.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZB000066
- ЭКБ идентификаторы
- 42661
- Редакция идентификаторы
- AI42661_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:28
0 Ақжайық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы N 186 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 15-1 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің 2008 жылдың 20 мамырдағы N 186 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туындау қажеттілігіне байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 20 мамырдағы N 186 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 30.06.2008 жылғы N 7-2-57 тіркелген, "Жайық таңы" газетінде (04.07.2008 жылғы N 27 санынан бастап, 26.09.2008 жылғы N 40 санға дейін жарияланған), қауылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулысымен бекітілген 10 қосымшасының 12 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:
1) арызы мен оған тiркелген жеке куәлiгiнің көшірмесі (төлқұжат);
2) салық төлеушінің тіркеу нөмері берілгені туралы куәлігі (СТН);
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (үй кітабы);
4) пайдаланып отырған алаң көлемі жөніндегі (техникалық төлқұжат) тұрғын жайға құжаттардың көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сатып-сату, жалға беру т.б. жөніндегі келісім-шарттар);
5) жылжымайтын мүлік жөніндегі анықтама (жылына бір рет);
6) Ұлы Отан Соғысы қатысушысы немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесі, мүгедек күтімінің заңдылығын куәландыратын құжат;
7) мүгедекке күтім жасаудың заңдылығын дәлелдейтін құжат;
8) алдыңғы арыз беру мерзіміне сәйкес отбасының өткен жарты жылдыққа табыстары жөніндегі мәлімет (зейнетақысы жөнінде анықтама немесе жинақ кітапшасы, жалақысы туралы анықтама, алименттер, шәкіртақы);
9) тұрғын жай ұстау, коммуналдық қызмет және байланыс қызметі ақысын төлеу бойынша төлем құжатарының түпнұсқасы (түбіртектер мен кітапшалар)."