Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандагы № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандагы № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурызындағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабының, Жарма ауданының прокурорының 2008 жылғы 11 тамыздағы № 7-937-08 наразылығы негізінде, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы № 66 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін: 15 қосымшаның 7 тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, өтініш жасаған адамдарды түрғылықты жері бойынша жұмыссыздар ретінде тіркейді.» 15 қосымшаның 7 тармағының 2) тармақшасы алынып тастылсын. 15 қосымшаның 12 тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік қызмет алу үшін, оның ішінде жеңілдігі бар тұлғаларға қажетті құжаттар мен талаптар тізбесін көрсету: 1) мұрағат анықтамалары, аумақтық бірлік әкімдерінің анықтамалары; 2) еңбек кітапшасы; 3) оқу орнын бітіргені туралы диплом; 4) әскери билет; 5) туу туралы куәлік, орта білім туралы аттестат, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік.» 18 қосымшаның 6 тармағының 1) тармақшасы толықтырылсын: «ішкі істер органдарының, үлттық қауіпсіздік органдарының басшылары және қатардағы құрамының қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты мүгедек болған азаматтар» 21 қосымшаның 6 тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «1966-1990 жылдары жер асты ядролық жарылыстар жүргізілген кезенде осы аймақтарда тұрған, еңбек еткен немесе қызмет өтеген азаматтар, зейнеткерлерге, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төленсін.»
Тармақ 2
2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының жетекшісі М.Кәрімовке жүктелсін