2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 5/24 шешіміне өзгерістер Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылғаарналған қалалық бюджет туралы мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 5/24 шешіміне өзгерістер Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне,ҚазақстанРеспубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасынғы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Әділет департаментінде 27 тамызда 2026-нөмірімен тіркелген «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 3/24 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2008 жылы 27 тамыздағы № 7/89 шешіміне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы «2008 жылға арналған қалалықбюджет туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-2-67-нөмірімен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінде 2008 жылғы 12 наурыздағы №11 санында жарияланған; өзгерістері мен толықтырулары нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11-2-76-нөмірімен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінде 2008 жылы 26 наурыздағы № 13 санында жарияланған, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11-2-83-нөмірімен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінде 2008 жылы 18 маусымдағы № 25 санында жарияланған, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11-2-87-нөмірімен тіркелген Жаңаөзен» газетінде 2008 жылы 6 тамыздағы № 32 санында жарияланған) № 5/24 шешіміне мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мына редакцияда жазылсын: «2008 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 5 561 161 мың теңге, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша - 3 535 102 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша- 33 641 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 348 765 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша – 1 643 653 мың теңге; 2) шығындар – 5 668 272 мың теңге; 3) операциялық сальдо- 107 111 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо- 117 399 мың теңге, соның ішінде: 5)бюджет тапшылығы – 224 510 мың теңге. 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 224 510 мың теңге. 2-тармақтың 1) –тармақшасындағы «69,7» саны «74,6» санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Аталған шешімге 1,2 қосымшалар осы шешімнің 1,2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.