«Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 20 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 20 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Бюджет Кодексіне», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ: № 20 «Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (Аманкелді аудандық Әділет басқармасындағы 2007 жылдың 21 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-6-66, «Аманкелді арайы» аудандық газетінің 2008 жылғы 7 қаңтардағы № 1-2 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджетінің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын: 1) кірістер - 827901,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық тусімдер - 93214,0 мың теңге; салықтық емес тусімдер - 493,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен тусім - 100,0 мың теңге; ағымдағы нысаналы трансферттер - 44678,0 мың теңге; нысаналы даму трансферттері - 38537,0 мың теңге; облыстық бюджеттен бөлінген субвенция - 650879,0 мың теңге; 2) шығындар - 850268,2 мың теңге; 3) операциялық сальдо - -22367,2 мың теңге; 4) қаржы активтермен операциялары бойынша сальдо – 3000,0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 3000,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профицит) - 25367,2 мың теңге; 6) тапшылықты қаржыландыру (бюджет профицитін пайлалану) - 25367,2 мың теңге. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасының 2005 - 2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 9708,0 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі ескерілсін, оның ішінде: бастауыш негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға - 5548,0 мың теңге; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесінде интерактивтік оқыту жүйесін енгізу - 4160,0 мың теңге; 2008 жылға арналған аудандық бюджетте ең төменгі күнкөріс мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге республикалық бюджеттен 24820,0 мың теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер түсімі ескерілсін, оның ішінде: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге - 3500,0 мың теңге; тұрмысы төмен отбасыдағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге - 21320,0 мың теңге. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға республикалық бюджеттен 540,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте электронды үкімет шеңберінде адами капиталын дамытуға республикалық бюджеттен 1797,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасында 2008 – 2010 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға республикалық бюджеттен 20000,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін. Шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 33 шешіміне 1-қосымша Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті
Басқа 4. Бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламаларға) және заңды тұлғалардың жарғы капиталын құру мен ұлғайтуға бөлінген 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламасының тізбесі
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 33 шешіміне 2-қосымша Бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламаларға) және заңды тұлғалардың жарғы капиталын құру мен ұлғайтуға бөлінген 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламасының тізбесі
Басқа 5. 2008 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестірлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 33 шешіміне 3-қосымша 2008 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестірлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі