«Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 20 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
«Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 20 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Бюджет Кодексіне», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. № 20 «Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (Аманкелді аудандық әділет басқармасындағы 2007 жылдың 21 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-6-66, «Аманкелді арайы» аудандық газетінің 2008 жылғы 7 каңтардағы № 1-2 нөмірінде жарияланған), № 33 «Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 20 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Аманкелді аудандық әділет басқармасындағы 2008 жылдың 29 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-6-68, «Аманкелді арайы» аудандық газетінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 6 нөмірінде жарияланған) № 49 «Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 20 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Аманкелді аудандық әділет басқармасындағы 2008 жылдың 23 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-6-78, «Аманкелді арайы» аудандық газетінің 2008 жылғы 5 мамырдағы № 18 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2008 жылға арналған аудандық бюджетінің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын:
1) кірістер - 868285,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық тусімдер - 112632,0 мың теңге:
салықтық емес тусімдер - 1536,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін тусім - 373,0 мың теңге;
ағымдағы нысаналы трансферттер - 41023,0 мың теңге:
нысаналы даму трансферттері - 61842,0 мың теңге;
облыстық бюджеттен бөлінген субвенция - 650879,0 мың теңге;
2) шығындар - 880652,2 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -12367,2 мың теңге.
4) қаржы активтермен операциялары бойынша сальдо - 13000,0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 13000,0 мың теңге;
5) тапшылық профицит – 25367,2 мың теңге;
6) бюджет қаражатының бос қалдығын бюджет тапшылығын қаржыландыруға - 25367,2 мың теңге.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________________ Т. Қарбозов
Аудандық қаржы бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
___________ Ж. Сеилова
Аманкелді ауданы бойынша
Салық комитетінің төрағасы
______________ Е. Қарбозов
Басқа 3. Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 14 шілдедегі
№ 59 шешіміне
1-қосымша
Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті