«Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Бюджет Кодексі және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабы 5-тармағы 1) тармакшасына сәйкес, Науырзым аудандық әкімдігінің қаулысын ескере отырып, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 (мемлекеттік тіркеу 9-16-59, 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 1 «Науырзым») шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: 1-қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 649583 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 93683 мың теңге; салықтан тыс түсімдер - 567 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 270 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша- 555063 мың теңге; оның ішінде: ағымдағы мақсатты трансферттер - 23434 мың теңге; дамудағы мақсатты трансферттер - 57552 мың теңге; субвенциялар - 474077 мың теңге. 2) шығындар - 653570,9 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 3987,9 теңге. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер ескерілсін: - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінде лингафон және мультимедиялық кабинеттерді құруға 5548 мың теңге; - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінде интерактивтік жүйені оқытуды енгізуге 2773 мың теңге; - төменгі күнкөріс мөлшерінің өсуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайын төленетін жәрдемақыларды төлеуге 9513 мың теңге, оның ішінде: - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге - 724 мың теңге; - аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына төленетін мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге - 8789 мың теңге; - электрондық үкімет аясындағы адами капиталға - 1793 мың теңге; - мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға - 459 мың теңге; - мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы 41900 мың теңге; - инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру - 5000 мың теңге. Бюджет дефициті - 3987,9 мың тенге, бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған қаржы жылының бос қалдықтарын тарту есебінен жабылатын шығындардың тапшылығымен - 3987,9. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың тізімі 1, 2, 4-қосымшаларга сәйкес бекітілсін. 3-қосымша өзгеріссіз қалдырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4
Басқа 5