«Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
«Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 116-бабы және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Науырзым аудандық әкімдігінің қаулысын қарай отырып, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне (мемлекеттік тіркеу 9-16-59, 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 1 «Науырзым» газетінде жарияланған), «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2008 жылғы 18 қаңтардағы мәслихаттың № 48 мемлекеттік тіркеу № 9-16-60, 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 3 «Науырзым» газетінде жарияланған) шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1-қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 662393 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 106515 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 545 мың теңге;
жер учаскелерін жалдау кұқығын сатқаны үшін төлем - 270 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 555063 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 23434 мың теңге;
мақсатты даму трансферттері - 57552 мың теңге;
субвенциялар - 474077 мың теңге;
2) шығындар - 666380,9 мың теңге;
3) бюджет дефициті - 3987,9 мың теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған қаржы жылының басындағы бос қалдықтарын тарту есебінен жабылатын шығындардың тапшылығымен - 3987,9 мың теңге».
Тармақ 2
2. Аталған шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Науырзым ауданының 2008 жылға арналған бюджеті
Мәслихаттың
2008 жылғы 23 сәуірдегі
төртінші шақырылған
кезекті төртінші сессия
№ 67 шешіміне
1-қосымша
Науырзым ауданының 2008 жылға арналған бюджеті
Басқа 5. 2008 жылғы бекітілген бюджет бойынша селолық округ аппараттарын ұстауға арналған шығынның жинағы
Мәслихаттың
2008 жылғы 23 сәуірдегі
төртінші шақырылған
кезекті төртінші сессия
№ 67 шешіміне
2-қосымша
2008 жылғы бекітілген бюджет бойынша селолық округ аппараттарын ұстауға арналған шығынның жинағы