«Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 116-бабы және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Науырзым аудандық әкімдігінің қаулысын қарай отырып, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне (мемлекеттік тіркеу 9-16-59, 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 1 «Науырзым» газетінде жарияланған), «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы мәслихаттың № 48 (мемлекеттік тіркеу 9-16-60, 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 3 «Науырзым» газетінде жарияланған), «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 23 сәуірдегі мәслихаттың № 67 (мемлекеттік тіркеу 9-16-70, 2008 жылғы 13 мамырдағы № 12 «Науырзым» газетінде жарияланған), «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы мәслихаттың 16 шілдедегі № 98 (мемлекеттік тіркеу 9-16-72, 2008 жылғы 8 тамыздағы № 20 «Науырзым» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: 1-қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 718776мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 106155 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 918 мың теңге; жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем - 257 мың теңге; ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 611446 мың теңге, оның ішінде: ағымдағы мақсатты трансферттер - 53643 мың теңге; мақсатты даму трансферттері - 83726 мың теңге; субвенциялар - 474077 мың теңге; 2) шығындар - 722763,9 мың теңге; 3) бюджет дефициті - 3987,9 мың теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған қаржы жылының басындағы бос қалдықтарын тарту есебінен жабылатын шығындардың тапшылығымен - 3987,9 мың теңге. 1-қосымшасы жаңа редакцияда баяндалсын. 2, 3, 4-қосымшалар өзгеріссіз қалдырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Науырзым ауданының 2008 жылға арналған бюджеті
Мәслихаттың 2008 жылғы 12 қарашадағы төртінші шақырылған кезектен тыс сессия № 123 шешіміне 1-қосымша Науырзым ауданының 2008 жылға арналған бюджеті