«2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан
қалалық мәслихатының 2007
жылғы 24 желтоқсандағы
№ 3/17-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 111 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/83-ІV шешіміне, Түркістан қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 1095 қаулысына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
«2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 3/17-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 23.04.2008 г. № 6/47-IV («2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 3/17-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №3/17-IV (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-4-44 нөмерімен тіркелген, 2008 жылы 9 қаңтардағы «Түркістан» газетінде жарияланған), «Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №3/17-ІV «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы №4/36-ІV (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-4-48 нөмерімен тіркелген, 2008 жылы 20 ақпандағы «Түркістан» газетінің №18-19 санында жарияланған шешімімен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1- тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
1) кірістер - 6 263 699 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 833 405 мың теңге;
салық емес түсімдер - 3604 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 156 900 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 5 269 790 мың теңге.
2) шығындар - 6 283 786 мың теңге.
2. Аталған шешімнің 1, 2- қосымшалары жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.