«2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №34 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-3-50 нөмірімен тіркелген және «Кентау-шұғыласы» газетінің 26.01.2008ж, 02.02.2008ж, 09.02.2008ж. жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақта: 1) тармақшадағы: «1 975 713» саны «2 237 697» санымен алмастырылсын; «1 540 296» саны «1 802 280» санымен алмастырылсын; 2) тармақшадағы: «1 989 739» саны «2 251 723» санымен алмастырылсын; 4 тармақ тѳмендегі жаңа редакцияда мазмұндалсын: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабына сәйкес, 2008 жылға қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ауылды жерлерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықтарына үстеме ақы төлеу үшін тарифтік ставкаларына төмендегі: Хантағы және Байылдыр ауылдарындағы жоғарыда аталған мамандарға 25 пайыз мөлшерінде; Ащысай ауылының қаладан тыс алыс қашықтықта орналасуын, ауылдың басқа ауылдарға қарағанда әлеуметтік-экономикалық жағдайының өте төмендігін, ауылда тұратын халықтың әл-ауқатының күрт нашарлауын, ауылда өндіріс және басқа тұрмыстық инфрақұрылымдардың жоқтығын, ескере отырып, Ащысай ауылына 30 пайыз мөлшерінде қаржы қарастырылсын. Аталған шешімнің 1, 3 қосымшасы осы шешімнің 1, 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 3
Басқа 4