«2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 24 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
«2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы»
Созақ аудандық мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 24 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы №24 шешіміне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-46 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 19 қаңтарда «Теріскей» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Созақ ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1)кірістер -2367003 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер -1220890 мың теңге;
салықтық емес түсімдер -753 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер -4578 мың теңге;
трансферттердің түсімдері -1140782 мың теңге;
Тармақша 2
2)шығындар -2458855 мың теңге;
Тармақша 3
3)операциялық сальдо - -91852 мың теңге;
Тармақша 4
4)таза бюджеттік кредит беру - -1773 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - -1773;
бюджеттік кредиттерді өтеу -1773 мың теңге;
Тармақша 5
5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -0 мың
теңге;
қаржы активтерін сатып алу-0 мың теңге;
Тармақша 6
6)бюджет дефициті - -90079 мың теңге;
Тармақша 7
7)бюджет дефицитін пайдалану - 90079 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1,2,4-қосымшалары осы шешімнің 1,2,3- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.