“2008 жылдың қазан – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс – шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 582 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
“2008 жылдың қазан – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс – шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 582 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. “2008 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың үйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі №582 ( нормативтік қүқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі №10-6-101 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 қыркүйектегі №79 “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасымен құрылған аудандық шақыру комиссиясының құрамына енгізілсін:
Айтжанов Манас Айтжанович - “Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
көрсетілген комиссия құрамынан Сүлейменов Мақсұт Мейірманұлы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
“ КЕЛІСІЛГЕН”
" Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы М. Айтжанов
01 қазан 2008 жыл