Об образовании Государственной комиссии по контролю за реализацией Государственной программы жилищного строительства в Республике Казахстан на 2008-2010 годы Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 28, 321-құжат) іске асырудың тұрақты мониторингін, тиімділігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 503 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) іске асырудың тұрақты мониторингін және тиімділігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында құрылды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тармақ 2. 2. Мемлекеттік комиссияның міндеті, функциялары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік комиссияның міндеті, функциялары мен өкілеттіктері
Тармақ 5
5. Мемлекеттік комиссияның міндеті:
Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын;
Мемлекеттік бағдарламада айқындалған нәтижелерге қол жеткізуге бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау және Мемлекет басшысына енгізу;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың мониторингін және тиімділігін бағалауды жүргізу;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар комиссияларының есептерін қарау.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:
өзіне жүктелген міндетті орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан сұратуға;
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша өз отырыстарында жергілікті атқарушы органдар комиссияларының есептерін тыңдауға;
Мемлекет басшысына Мемлекеттік бағдарламаны одан әрі іске асыру туралы ұсыныстар енгізуге;
өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
Тармақ 3. 3. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік комиссия отырыстарының Мемлекеттік комиссияның мүшелері жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңдық күші болады. Мемлекеттік комиссияның мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік комиссияның шешімдері оның отырысқа қатысушы мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның не төрағаның міндетін атқарушы адамның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік комиссияның қызметіне басшылық жасайды және оның отырыстарында төрағалық етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президентін Мемлекеттік комиссияның атқарған жұмысы туралы кемінде жарты жылда бір рет хабардар етеді.
Тармақ 13
13. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік комиссияның хатшысы:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік комиссияның мүшелерін оның отырыстарының уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімдердің орындалуын бағалай отырып, атқарылған жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған есепті төрағаға береді;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік комиссияның өзіне жүктелген міндеттерді орындауына жәрдем көрсетеді.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.
Басқа 35. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 503 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының ҚҰРАМЫ
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы Министрі, төраға
Оразбақов - Қазақстан Республикасының
Ғалым Ізбасарұлы Индустрия және сауда министрі,
төрағаның орынбасары
Омаров - Қазақстан Республикасы Индустрия
Қайсар Оспанұлы және сауда министрлігі Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитетінің
төрағасы, хатшы
Мемлекеттік комиссияның мүшелері:
Дәулеталин - Қазақстан Республикасы Парламенті
Сатыбалды Телағысұлы Мәжілісі Ұйымдастыру-бақылау және
кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Имантаев - Қазақстан Республикасы Президенті
Ермек Жетпісбайұлы Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау
және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің
мемлекеттік инспекторы
Мамытбеков - Қазақстан Республикасы Президенті
Еділ Құламқадырұлы Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық
талдау бөлімінің меңгерушісі
Өксікбаев - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Омархан Нұртайұлы бақылау жөніндегі есеп комитетінің
төрағасы
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрі