Құжат мәтініне өту

2008-2010 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қаулы · № 99 · қабылданған 31.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 26.01.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2008-2010-ekb-38800/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
2008-2010 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 99 ·31.03.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2008-2010 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗ2008-2010 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 99 · қабылданған 31.03.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2008-2010 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
2008-2010 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
99
Қабылданған күні
31.03.2008
Көрсетілген редакция
26.01.2011 · қолданыстағы 38800_165080.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
26.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08Z0003003
ЭКБ идентификаторы
38800
Редакция идентификаторы
38800_165080
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:46

0 2008-2010 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және "Батыс Қазақстан облысының "Капустин Яр" және "Азғыр" әскери-сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен, полигондармен шектесетін аумақтарда тұратын мүгедектерді оңалту және оларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-15 шешімін іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін Ақжайық (Тайпақ бөлігі) Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе аудандарының аумағында тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және бірінші топ мүгедектеріне 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, екінші топ мүгедектеріне 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, үшінші топ мүгедектеріне 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айсайын тиісті аудандар бюджетінен әлеуметтік көмек төленсін.

2 2. "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін Ақжайық (Тайпақ бөлігі) Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе аудандарының әкімдері әлеуметтік көмектердің дер мерзімінде тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.

3 3. Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шараларды алсын.

4

4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 ақпандағы №27 "2008-2010 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмектер тағайындаудың және төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысы бұзылсын.

5

5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "2005-2007 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектер тағайындаудың және төлеудің Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 9 наурыздағы № 88 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2919 тіркелген, облыстық " Орал өңірі" газетінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 43, "Приуралье" газетінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 44 сандарында жарияланған, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "2005-2007 жылдарға арналған "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектер тағайындаудың және төлеудің Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 9 наурыздағы № 88 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" облыс әкімдігінің 2006 жылғы 2 ақпандағы № 37 қаулысымен енгізілген өзгерістерді қоса, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2954 тіркелген, облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 2006 жылғы 11 ақпандағы № 18 санында жарияланған) күшін жойған деп есептелсін.

6 6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. К. Сүлейменге жүктелсін.