Об утверждении Условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на строительство и приобретение жилья в рамках реализации Государственной программы жилищного строительства в Республике Казахстан на 2008 - 2010 годы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және сатып алуға кредит беру шарттарын бекіту туралы «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және сатып алуға кредит беру шарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
Тармақша 2
2) кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктелсін.
Тармақ 5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2010 жылға кредит беру шарттары
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 241 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2010 жылға кредит беру шарттары
Тармақ 1
1. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
Тармақша 1
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - қарыз алушылар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі - кредитор) мәслихаттардың 2010 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қарыз алушыларға кредиттер тұрғын үй салуға және сатып алуға 3 (үш) жыл мерзімге сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
Тармақша 3
3) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2012 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
Тармақ 2
2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.