Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 қаңтардағы № ІV-2 "Қызылқоға ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағида туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 қаңтардағы № ІV-2 "Қызылқоға ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағида туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын және аудандық әкімияттың 2009 жылғы 20 наурыздағы № 79 қаулысымен ұсынысына сай, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 қаңтардағы № ІV-2 "Қызылқоға ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағида туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 13 ақпанында № 4-5-92 санымен тіркелген. Қызылқоға газетінің 2008 жылдың 26 маусымдағы № 26 (377) санында жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 2
2. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібінің 9 бабындағы 11 пайыз шектеулі норма үлесін 5 пайызға дейін түсіріп, шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп бекітілсін.
Тармақ 3
3. 2009 жылы Қызылқоға ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындап төлеуге байланысты коммуналдық қызмет тарифтері мен нормаларының өсуіне байланысты, өсу тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.