Аудан әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 12-29 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 12-29 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарасай ауданы әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы "1992 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы" N 12-29 шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін. 2, 4-тармақтары және 6-тармақтың 1, 3, 6, 7, 8-тармақшалары алынып тасталсын. 6-тармақтың 10-тармақшасы, 10-тармақтың 1-тармақшасы және 11-тармақтың 1-тармақшасындағы "2008 жылдың 1 желтоқсанына" деген сөздер алынып тасталсын. 11-тармағының 2-тармақшасындағы "жеткізіліп оларға шұғыл жаза қолдансын" деген сөздер "жеткізу жүктелсін" деген сөздермен ауыстырылсын. 13-тармағындағы "қаулысының" деген сөз "шешімді" деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.