Науырзым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 67 «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімін жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Науырзым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 67 «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-70, шешіміне сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Науырзым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 67 «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімін жүзеге асыру туралы от 19.08.2008 г. № 191 (Науырзым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 67 «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімін жүзеге асыру туралы)
1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 451007000 бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындагы жас мамандарды қолдау үшін 100 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем белгіленсін.
Уәкілетті орган (келісім бойынша) мүдделі тұлғаларға әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттардың тізімін ұсынсын.
2. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешім бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 451007000 бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.