«Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту» туралы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 23 мамырдағы № 7/45 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту» туралы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 23 мамырдағы №7/45 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 23 мамырдағы №7/45 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-6-59 болып тіркелген, «Ақкетік» арайы газетінің 2008 жылғы 15 шілдедегі №35 (246) санында жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін: Шешім атауында және барлық мәтінінде көрсетілген «Ереже» сөзі «Тәртібі» сөзімен ауыстырылып оқылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ»: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы: _________Д.Шүкірбаева «14» қазан 2008 жыл Аудандық қаржы бөлімінің бастығы: _________Т.Тұрмағанбетова «14» қазан 2008 жыл Аудандық экономика Және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы: _________С.Қани «14» қазан 2008 жыл
Басқа 3
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 14 қазандағы №10/67 шешіміне №1 қосымша Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі-тұрғын үй көмегі) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, жалғызілікті зейнеткерлерге көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі-Уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі Түпқараған аудандық зейнетақы төлеу орталығының жасақтаған алушылар тізімдері негізінде ай сайын тағайындалады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган ай сайын тапсырылған құжаттардың негізінде тұрған үй көмегін алушы жалғызілікті зейнеткерлер тізімін жасақтайды. Жалғызілікті зейнеткерлерге тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2)салық төлеушінің тіркелу нөмері;
Тармақша 3
3)тұрғындар есебі кітабының көшірмесі;
Тармақша 4
4)зейнетақы алушы кітапшасының көшірмесі.
Тармақ 5
5. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен құжаттарының дұрыстығына толық жауаптылық тартады. Төлем жүргізілгеннен кейін деректердің анық еместігі айқындалған жағдайда, заңсыз төленген сомалар заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі адамдардан өндіріледі.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төленеді.
Тармақ 7
7. тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалып, мезгілінде төленуіне Уәкілетті орган жауаптылық тартады.
Тармақ 8
8. Түпқараған аудандық зейнетақы төлеу орталығы алушылар тізімдерінің дұрыс және мезгілінде жасақталуын қамтамасыз етеді.