Қызылсай селосы әкімінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 01 "Қызылсай ауылы көшелеріне ат қою туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Қызылсай селосы әкімінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 01 "Қызылсай ауылы көшелеріне ат қою туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 - бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 14 - бабына сәйкес, қала әкімінің жанындағы ономастикалық комиссия жиналысының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 1 хаттамасын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қызылсай селосы әкімінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 01 «Қызылсай ауылы көшелеріне ат қою туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-85 нөмірімен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінде 2008 жылғы 05 қарашадағы № 45 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
«№ 17 - көшеге – Шам Қожбанов» деген жолдағы «№ 17 - көшеге» сөзі «№ 7 - көшеге – Шам Қожбанов» деп ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау село әкімі аппаратының бас маманы Е.Абдуллаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.