"Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Тәртібін бекіту туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 26 ақпандағы № 4-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
"Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Тәртібін бекіту туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 26 ақпандағы № 4-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес және Т.Рысқұлов аудандық әділет басқармасының 2010 жылдың 21 шілдесіндегі № 4-1100 ұсынымының негізінде Т.Рысқұлов аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 26 ақпандағы № 4-5 шешімімен бекітілген Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға ( жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Тәртібіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-8-56 болып тіркелген, 2008 жылдың 29 наурызындағы № 26 (6339) «Құлан таңы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
6 тармақта:
«банк » деген сөз «банктер арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе пошта бөлімінде» сөздері алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарына алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.