Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру мәселелері туралы" 2008 жылғы 28 тамыздағы № 219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗБатыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру мәселелері туралы" 2008 жылғы 28 тамыздағы № 219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру мәселелері туралы" 2008 жылғы 28 тамыздағы № 219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру мәселелері туралы" 2008 жылғы 28 тамыздағы № 219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 28.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2012 · қолданыстағы 54314_162556.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10Z0003052
- ЭКБ идентификаторы
- 54314
- Редакция идентификаторы
- 54314_162556
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:40
0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру мәселелері туралы" 2008 жылғы 28 тамыздағы № 219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру мәселелері туралы" 2008 жылғы 28 тамыздағы N 219 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 3014 тіркелген және 2008 жылғы 2 қазандағы облыстық "Орал өңірі" газетінің N 113 санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы Нұсқаулықта:
1 1) "коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру тәртібі" деген 2-бөлімінің 4-тармағындағы "ерекше" деген сөз алынып тасталсын;
2 2) "коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру тәртібі" деген 2-бөлімі мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар өзінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті үш жылға дейінгі мерзімге мүліктік жалға беру туралы шешімді өзі қабылдайды.".