Әкімдіктің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 51 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 51 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 64-1-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына және Аманкелді аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (Аманкелді ауданы әділет басқармасында 2007 жылғы 28 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-66 «Амангелді арайы» аудандық газетінің 2008 жылғы 7 қаңтардағы 1-2 нөмірінде жарияланған) № 20 шешіміне сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» (Аманкелді ауданының әділет басқармасындағы 2008 жылғы 15 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-72, «Аманкелді арайы» аудандық газетінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 13 нөмірінде жарияланған) № 51 қаулысының 3-тармағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын «8-1) Өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы көмек 150000 теңге тағайындалып, төленеді».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізілді.