Іле аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 6-20 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗІле аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 6-20 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Іле аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 6-20 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Іле аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 6-20 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20-70
- Қабылданған күні
- 01.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2010 · қолданыстағы 46139_203787.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DJ000091
- ЭКБ идентификаторы
- 46139
- Редакция идентификаторы
- 46139_203787
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:29
0 Іле аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 6-20 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Іле аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 6-20 шешіміне, Іле аудандық әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 19 ақпанда N 2-10-71 нөмірінде тіркелген, "Іле таңы" газетінің 2008 жылғы 22 ақпандағы 7(4220) нөмірінде жарияланған мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған шешімде қолданылған "Тұрмысы төмен отбасыларына" деген сөздер "Табысы аз отбасыларына" деген сөздерге ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртiбi және мөлшерi" туралы қосымшада:
1 "1. Жалпы бөлімде": мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7-1 және 7-2 тармақтарымен толықтырылсын:
7-1 "7-1. Уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын аудандық маңызы бар аудандық атқарушы орган";
7-2
"7-2. Учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген адамдардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия. Комиссия құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің меншік иелері, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдерінен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылады".
2 бөлімнің 8 тармағындағы "Тұрғын үй көмегі, тұрғын үйді күтіп ұстау" деген сөйлемнен кейін "жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа" деген сөздермен толықтырылсын.
3 бөлімнің 21 тармағы "Ауылдық, кенттік округ әкімдерінде құрылған учаскелік комиссия өтініш берушілердің құжаттарын 5 күн ішінде қабылдап, журналға тіркеп, қайта аттестаттаудан өтетін күні көрсетілген түбіртек ескерту береді, 7 күн ішінде материалдық жағдайына тексеру жүргізеді, тексеру актісі бойынша отбасының тұрғын үй көмегіне мұқтаждығы туралы қорытынды шығарып, тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, уәкілетті орган 10 күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады, жалпы жеке тұлғаның өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қаралып, шешім қабылданады" - деп жаңа редакцияда жазылсын.