2008 жылғы 29 қаңтардағы «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы» № 6-20 шешімінің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылғы 29 қаңтардағы «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы» № 6-20 шешімінің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару туралы» № 148 Заңының 6 бабы 1 - тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 19 ақпанында № 2-10-71 нөмірінде тіркелген, «Іле таңы» газетінің 2008 жылғы 22 ақпандағы 7 нөмірінде жарияланған, Іле аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы» № 6-20 шешімінің қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін: 2 тараудағы 18 тармақтың 4) тармақшасында:
Тармақша 4
«4) от жағу маусымына - 3 тонна көмір» деген сөз «4) жылына - 4 тонна көмір» - деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «___»_______2008 жыл «___»_______2008 жыл Келісілген: «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы «___»_______2008 жыл