Түлкібас ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі «Азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түлкібас ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі «Азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №563 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» №623 Қаулысына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2008 жылгы 3 сәуірдегі «Азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және казан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №155 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-49 санмен тіркелген, 2008 жылдың 18 сәуірінде аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін: 2-тармағында «Қисықов Нұрлыбек Айдарұлы - Аудандық ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары»- деген сөздер «Көлбаев Мәулен Андақұлұлы - Аудандық ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары»-деген сөздермен ауыстырылсын. 3-тармағында «Аудандық медицина бірлестігіне (Н.Орманов - келісім бойынша)»-деген сөздер «Аудандық медицина бірлестігіне (А.Ақшалов - келісім бойынша)»-деген сөздермен ауыстырылсын. 10-тармағында «Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Мамытбековке жүктелсін»-деген сөздер «Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Пралиевке жүктелсін»- деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Түлкібас аудандық медицина бірлестігінің бастығы А.Ақшалов «5» қараша 2008 жыл