Құжат мәтініне өту

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қаулы · № 190 · қабылданған 30.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.09.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2008-30-no-138/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 190 ·30.07.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҚАЗАудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 190 · қабылданған 30.07.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
190
Қабылданған күні
30.07.2010
Көрсетілген редакция
30.09.2010 · қолданыстағы 54139_201807.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
30.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ZK000126
ЭКБ идентификаторы
54139
Редакция идентификаторы
54139_201807
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:39

0 Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес, аудандық деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 138 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-70 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 шілдеде "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) Осы қаулымен бекітілген 10 қосымшасы 3-тармағының 3-тармақшасы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:

"Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 23-3 шешімімен бекітілген "Тасқала ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы" туралы шешімі.";

2 2) 5-тармағындағы "келісімшарт беру" деген сөздер "шешім қабылдау" деген сөздермен ауыстырылсын;

3 3) 12-тармағының 5-тармақшасы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:

"кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот; жергілікті атқарушы органмен келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот; тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқару орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот:";

4 4) 12-тармағының 6-тармақшасы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:

"аз қамтылған отбасы екенін растайтын "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінен анықтама, отбасы құрамы туралы ауылдық округ әкім аппаратынан анықтама;";

5 5) 14-тармағындағы "тапсыратын" деген сөз "қабылдайтын" деген сөзбен ауыстырылсын;

6 6) 16-тармағындағы "кезде" деген сөз "айдың ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.