“Аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығгынсыз) мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру нұсқаулықтарын бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 маусымдағы №494 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
“Аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру нұсқаулықтарын бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 маусымдағы №494 қаулысына өзгерістер енгізу тураЛы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. “Аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру нұсқаулықтарын бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 маусымдағы №494 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 3 шілдеде №10-6-95 болып тіркелген, 2008 жылғы 12 шілдеде №57, 16 шілдеде №59 “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 -қосымшамен бекітілген Аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүліктік жалға (жалдауға) беру Нұсқаулығында:
8-тармақтағы , ал кейіннен сатып алу құқығымен өтінімдерді тендерлік комиссия қарайды” деген сөздер алынып тасталсын;
17-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
“4) тараптардың міндеттері мен құқықтары;”;
17-тармақтағы 4.1, 4.2 бөліктері, 5) тармақша, 5.1, 5.2, 5.3, 5.4, 5.5, 5.6, 5.7, 5.8, 5.9 бөліктері алынып тасталсын;
2-қосымшамен бекітілген Аудандық коммуналдық меншіктегі обьектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығында:
8-тармақтағы “, ал кейіннен сатып алу құқығымен өтінімдерді тендерлік комиссия қарайды” деген сөздер алынып тасталсын;
18-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
“3) тараптардың міндеттері мен құқықтары;”;
18-тармақтағы 3.1, 3.2 бөліктері, 4) тармақша, 4.1, 4.2, 4,3, 4.4, 4,5, 4,6, 4.7, 4.8 бөліктері алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.