«Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 7 мамырдағы № 166 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 7 мамырдағы № 166 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5-баптарына сәйкес, «Меңдіқара ауданының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты туралы» Меңдіқара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 ақпандағы № 225 шешімімен бекітілген Меңдіқара ауданының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын орындау үшін Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 7 мамырдағы № 166 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-81, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2008 жылғы 29 мамырдағы № 23 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан, жастарға білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін: педагогикалық мамандығы бойынша жоғары оқу орнының 2 студентіне -2008 жылы 183664 теңге мөлшерінде; медициналық мамандығы бойынша жоғары оқу орнының 1 студентіне -2008 жылы 164336 теңге мөлшерінде».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.