Аудан әкімиятының 2008 жылғы 8 қаңтардағы № 2 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімиятының 2008 жылғы 8 қаңтардағы N 2 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімиятының 2008 жылғы 8 қаңтардағы N 2 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (Мақат аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 29 қаңтарда N 4-7-78 санымен тіркелген, "Мақат тынысы" Мақат ауданының қоғамдық-саяси газетінің 2008 жылғы 8 ақпандағы N 6 санында жарияланған, аудан әкімиятының 2008 жылғы 26 қарашадағы N 168 "Аудан әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен толықтыру енгізілген, Мақат аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 10 желтоқсанда N 4-7-90 санымен тіркелген, "Мақат тынысы" Мақат ауданының қоғамдық-саяси газетінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 51 санында жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін: аталған қаулының 3 қосымшасы мынандай мазмұндағы реттік нөмірі 72 жолмен толықтырылсын: "72. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Атырау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің Мақат аудандық филиалы".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С. Хайрушевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.